Қостанайда нигериялық азамат ұсталды

Қостанай облысында полициядан үш жыл жасырынып жүрген нигериялық азамат ұсталды. Ол осы уақыт ішінде соттың елден шығару шешімін орындамай, Қазақстанның әртүрлі қалаларын мекендеп келген.
Нигерия азаматы облыста өткізіліп жатқан «Нелегал» іс-шарасы аясында қолға түсті. Енді ол елден мәжбүрлі түрде шығарылады. Қалалық мамандандырылған сот оның жүріп-тұру бостандығын шектеді. Енді шетелдік елден мәжбүрлі түрде шығарылмақ. Қазір ол арнайы қабылдау нысанында ұсталып отыр.
Облыстық бюджеттен көзделген қаражатпен Алматы-Доха әуе қатынасы арқылы билет сатып алынды. Полиция қызметкерлері шетелдік құқық бұзушыны Алматы қаласының әуежайына алып барды. Дохадан ары қарай еліне жөнелтілмек, – дейді облыстық ПД баспасөз қызметіндегілер.
Операция басталғалы, 4 күн ішінде елден 11 шетелдік шығарылған. Облыстың 100-ден астам тұрғыны ішкі істер органдарына шетелдіктердің тұрып жатқаны туралы мәлімет бермегендері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Заң бұзған шетелдіктерге 5 жыл ішінде  елге кіруге тыйым салынады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓