Жәудір көздер жадыраған сәт

Таяуда сондай шаралардың бірі қаламыздағы "Дельфин" сәбилер үйінде өткізілді. Аталған ұйымда Қостанайдағы 10-шы мектептің ұстаздары шәкірттерін балалар үйінің балғындарымен жүздестірді. Сәбилер бір сәт оқушы аға-апаларының қамқорлығына бөленіп, жасаған сый-сияпаттары мен өнерлеріне тәнті болды.
– Біздің бұл шарамыздың тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтың үлгілі болып қалыптасуына септігі зор, – дейді білім ордасының ұстазы Наурызгүл Нұрғалиева.
Айбек
ЖҮЗБАЙ
СУРЕТТЕ: оқушылар "Дельфин" балалар үйінде.
Суретті түсірген автор.