Рудныйда алты жасар екі бала жұмбақ жағдайда көз жұмды

Қазір балалардың өліміне не себеп болғаны анықталу үстінд. Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2016 жылы туған ағайынды ер балалар 12 қазан күні сағат 8 кезінде Рудный қалалық ауруханасына жедел жәрдем көлігімен жеткізілген.
«103» қызметіне Екі баланың анасы жүгінген. Балалар аяқтары талып, бастары айналып, ұйқыға тартып, эмоциялық тұрақсыздық сезінетіндеріне шағымданды. Олар инфузиялық терапиядан өткізілді. Зертханалық және клиникалық сапартамалар ешқандай ауытқушылықты көрсетпеген», – дейді басқарма мамандары.  
Олардың айтуынша, 13 қазанда таңертең анасының талабымен екі бала үйлеріне босатылған. Ауруханадан шығарылар кезінде олардың жағдайы қалыпты болыпты.
«Қайғылы жағдай сол күні, ауруханадан шыққаннан кейін 12 сағат өткеннен соң болды. Балаларының мерт болып жатқанын анасы бірінші болып көрген», – деді басқармадағылар.
Оқиға орнына шақырылған жедел жәрдем бригадасы екі баланың биологиялық өлімін тіркеуге алды. Қазір өлім себебі тексеріліп жатыр.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓