Елім деп соққан жүрегі
Алматыда ҚР Білім және ғылым министрі, белгілі педагог және мемлекет қайраткері Шәмша Беркімбаеваның 80 жылдығына орай ұйымдастырылған еске алу іс-шаралары аяқталды. NIS Шәмша Көпбайқызымен дос болған, бірге оқып, қызмет атқарған тұлғалардың басын қосты.
Ауқымды шараның Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде ашылуының терең мағыналық мәні бар.Тәуелсіз Қазақстанда жоғары оқу орынның табысты жандануы 2003 жылы Шәмша Көпбайқызы ректор болып тағайындалған кезде басталды. Ұстаздың жетекшілігі мен ерік-жігерінің арқасында университетте Студенттер үйі құрылды, ал мерейтой аясында оған ресми түрде Шәмша Беркімбаеваның есімі берілді.Отбасылық мұрағаттағы қолжазбалар, кітаптар, құжаттар мен марапаттар университеттің бас ғимараты – Ақтұмар мұражайындағы ұстаздың атын алған орталықта жинақталды.
Шәмша Көпбайқызы аяқтап үлгермеген «Қазақ мектебі – ұлт тірегі» кітабының тұсаукесері еске алу шараларының басты оқиғасына айналды.Бірегей жинақты NIS Педагогикалық шеберлік орталығы толықтай әзірлеп, өздерінің полиграфиялық кешенінде басып шығарды.
– «Қазақ мектебі – ұлт тірегі» еңбегі – бүкіл саналы ғұмырын отандық білім беруге, оның ішінде ауыл мектебіне арнаған Шәмша Беркімбаеваның ұстаздық өсиеті, – деп атап өтті Шәмша Көпбайқызымен ұзақ жылдар бірге қызмет еткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дипломат, ғалым, журналист Қуаныш Сұлтанов.
Сондай-ақ NIS Педагогикалық шеберлік орталығы Шәмша Беркімбаеваның өмірі мен мұғалімдік қызметіне арналған «Шамшырақтай туған елдің Шәмшасы» деректі фильмін түсірді.
– Бүгінде еліміздің жүздеген мұғалімі өзін Шәмша Беркімбаеваның шәкіртімін деп атай алады. Шәмша Көпбайқызының өмір жолы –мектепке қызмет етуді мақсат еткен нағыз ұстаздың лайықты үлгісі. Шәмша Көпбайқызымен әріптес және дос болған жандар оның бойынан мемлекет мүддесін қамтамасыз ету, мамандыққа адал болу, әдептілік пен сенімділік секілді қасиеттерді көре білді, – деп мойындады «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова.
Өз ісінің нағыз маманыШәмша Беркімбаева туралы университет мінберінде ұстаздың достары мен әріптестері – ҚазақстанРеспубликасының Еңбек ЕріАягүл Миразова, педагогика ғылымдарының докторы, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА бас ғылыми қызметкері Жауымбай Қараев, Қызылорда педагогикалық училищесінде Шәмша Көпбайқызымен студенттік кезден құрбы болған белгілі ұстаздар Роза Киікбаева, Қуанышкүл Меңдеяқова, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, дәрігер-анестезиолог Гүлзада Ізбасарова,сондай-ақ қыздар педагогикалық университетінің өкілдері – ректор Гүлмира Қанаева мен профессор міндетін атқарушы Ләззат Әділбекова өз естеліктерімен бөлісті.
Жиында айтылған әрбірсөз Шәмша Беркімбаеваның қатардағы ұстаздан министрге дейінгі табысты кәсіби мансабының заңдылығы мен оның адами талантын растады. Еске алу іс-шаралардың қорытындысы әр жылдары Шәмша Беркімбаеваға арналған өлеңдер мен әндерден құралған концерттік бағдарламамен ұласты.