Кәсіпкерлер жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр

Олар жүк вагондарының тапшылығына байланысты өнімдерін сатып алушыларға жібере алмай отыр.Бұл мәселе осы жылдың тамыз айында пайда болған. Жаз соңында облыстық кәсіпкерлер палатасына бизнесмендерден шағым түсе бастапты. Кейін бұл проблемаға антикор араласқан еді. Қазір жүк вагондарының жетіспеушілігін былай қойғанда, экспорт құны да 700 мыңнан 2 млн теңгеге дейін қымбаттап кеткен. Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Саят Жүсіпбековтың айтуынша, түйткіл қыркүйекте шешілуі тиіс болатын.
"Бұл мәселе 16 қыркүйекте бүкіл мүдделі тараптың қатысуымен республикалық деңгейде қаралды. Сол кезде ҚТЖ басшылығы жағдайды реттеуге уәде берген. Бірақ мәселе керісінше ушығып кетті", – дейді Саят Жүсіпбеков.
Мәселен, вагон тапшылығы кесірінен "Евраз Каспиан Сталь" ЖШС жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған. Басқа кәсіпорындар да осындай қатермен бетпе-бет келіп отыр. Ал "ҚТЖ—Жүк тасымалы" геосаяси жағдайға қатысы бар бұл мәселені шешуге тырысып жатқандарын айтты.
"Қазір әлемде геосаяси құбылыстар жүріп жатыр. Тасымал географиясы, Қара теңіз бағыты өзгерді. Бұл вагон тапшылығына әкелді",— деді компания өкілдері.
Кәсіпкерлер мәселенің бұдан да ауқымды екенін айтады. Олардың пікірінше, ҚТЖ Қостанай бөлімшесіндегі станция инқұрылымы жүк тасымалының толассыз легін реттеуге қауһарсыз. Осының бәрі ескеріле келе, филиал жұмысына бастан-аяқ тексеріс жүргізу шешімі қабылданыпты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓