“Univer Life” – студенттер үшін ашық алаң

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті үшін маңызды оқиға – "Univer Life" жаңа студенттік журналының тұсаукесері өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Бақыт Есімова, өзге де қонақтар қатысты. Журналдың ауқымы кең. Мақсаты барша оқырмандарға қызықты әрі өзекті болатындай заманауи басылым ұсыну. Осы бағытта журналды екі тілді, танымдық, мазмұнды етіп шығару туралы шешім қабылданған.
Журналдың тұжырымдамасы – университеттің, аймақтың, елдің маңызды оқиғалары туралы әркім өз пікірін білдіре алатын, студенттер үшін еркін алаң құру. Әрине, бұл "Журналистика" білім беру бағдарламасының студенттері үшін бірегей тәжірибе болары сөзсіз.
– Қызығушылық танытып, қолдау көрсеткені үшін облыс әкімдігіне, журналистерге, жылы лебізін білдіріп, қолдағаны үшін облыс әкімнің орынбасары Бақыт Есімоваға ерекше алғыс білдіремін. Редакциялық алқа мүшелері өз тәжірибелерімен бөлісіп, басылымның жаңаша болуына барларын салды, бүгінгі ақжарма тілектер шығармашылық ұжымға ерекше шабыт береді, – деді университет ректоры Алма Дощанова.
Тұсаукесер кезінде құттықтаулар мен қатар ұсыныстар да түсті. Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы М.Жұрқабаев жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жарыққа шығару үшін тұтас айдар арнауды ұсынды. Мемлекет тарапынан қолдау шараларына ие болған табысты жастардың сұхбаттарын жариялау, әрине, мұндай ақпарат кең аудиторияға қол жетімді болуы керек. Мұндай журналды шығару өскелең ұрпақтың құзыреттілігін дамыту құралы ретінде ғана емес, сонымен қатар Baitursynov university университеттік брендінің имидждік құраушысы ретінде де маңызды.
Бұрын университетте республикалық «Жас өркен-Қостанай» журналы шықса, бүгін жаңа форматтағы «UniverLife» журналы орнын басып отыр. Бұл «Журналистика» мамандығының 25-жылдығына арналған тамаша сый болды. Журнал университет ректоры Алма Іргебайқызының қолдауымен, қазақ және орыс тілдерінде үш айда бір рет шығатын болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓