Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға

Алаш зиялысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай мектеп жатақханасы «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы» атты тәрбие сағатын ұйымдастырды.Іс-шараға Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайы мен Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өкілдері, тәрбиешілер мен оқушылар қатысты.Сахна төріне Ахмет Байтұрсынұлы туралы жазылған кітап көрмесі қойылды. Жатақхана оқушыларына мұражай және кітапхана өкілдері өз деректері мен мағлұматтарын ұсынды.
Жақында ғана жарық көрген публицист, профессор, ахметтанушы, Серікбай Оспановтың мерейтойға ұштастырылған «Ұлт ұстазы» және «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты кітаптарының мектеп қабырғасында тұсаукесері өтті. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетіне аянбай адал қызмет еткен ірі қайраткер, ұлы ұстаз тарихта орны айрықша зор тұлға. 
Бүгінде аталмыш тұлғаның айтулы мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойлануда. Қазақстан бойынша ұлт ұстазының тағылымы мол ғұмырын дәріптеу мақсатында түрлі ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер, түрлі іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі – облыс көлеміндегі алдымыздағы 17 қазан күні өтетін «Ахмет Байтұрсынұлы: ақын, ғалым, публицист» атты ғылыми-практикалық конференция.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓