Ынталандырудың ықпалы бар
Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Жиын барысында облыс тұрғындарын екпе алуға ынталандыру қажет айтылды.
Әуелі облыс әкімінің орынбасары Арман Әбеновтің кәсіпорындарда вакциналау жүргізу жөніндегі есебі тыңдалып, мониторинг топтарының жұмысы қаралды. Мәселен, шілде айында мониторинг топтары 1 307 рейдтік іс-шара өткізіп, карантиндік шараны бұзудың 146 дерегін анықтаған.
«Қазіргі уақытта инфекциялық кереуеттердің жүктемесі 57,9% құрайды, 1 123 адам емделуде, – деп мәлімет берді облыс әкімі. – Бүгінде облысқа вакцинаның бірінші компонентінің 259 500 дозасы және екінші компонентінің 183 250 дозасы жеткізілді. Бірінші компонентпен вакцинациядан 245 742 адам өтті, халықты қамту деңгейі 48,7% құрайды. Екінші компонентке келетін болсақ, оны вакцинациялауға жататын 170 117 адам немесе халықтың 33,7%-ы қабылдады».Сонымен қатар, жиын кезінде облыстың кейбір кәсіпорындарында вакциналаудан өткен қызметкерлерді ынталандыру шаралары қолданылып жатқаны сөз етілді. Мәселен, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС екпе қабылдаған қызметкерлер арасында «Сосновый бор» шипажайына жолдама ойнатқан. Мұнымен қоса, осы жылдың 25 маусымынан 1 тамызына дейін 10 iPhone сарапқа салынған 12 ұтыс ойыны өтті. Бірер күн бұрын ғана осы ұтыс ойынының қорытындысы шығарылды.
«Тағы да 1 тамыз бен 1 қазан аралығында КВИ-ге қарсы вакцинаның 1 компонентін алған 18 жастан асқан облыс тұрғындары арасында ұтыс ойынын жариялаймыз. Бұл жолы көлік ойнатылады, – деп ынталандыру хабарын жеткізді аймақ басшысы. – Сонымен қатар, құрылтайшылар мен кәсіпорын басшыларына айтарым, вакцинациядан өткен қызметкерлерге сыйлықақылар төлеп, қосымша демалыстар беріп, бағалы сыйлықтармен көтермелеуді сұраймын. Бұл азаматтарды КВИ-ге қарсы вакцинациядан өтуге ынталандырады».А.Мұхамбетов облыс тұрғындарынан жеке бас амандығы мен жақындарының денсаулығы үшін жауапкершілік танытып, COVID-19-ға қарсы уақтылы вакцина алуды сұрайды.