Алаяқтық деректері азайды
Бұл туралы Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков Фейсбук-парақшасында жазды.
– Бүгін азаматтарды кезекті қабылдау өткіздім. Қабылдауға облыс орталығының 4 тұрғыны жүгінді. Негізінен алаяқтық фактілерін тергеу мәселелері бойынша.
Тақырыптың өзектілігіне қарамастан, алдын алу жұмыстарының арқасында облыста аталған қылмыстардың саны 12% – ға төмендеді, – деп атап өтті ПД бастығы.
Тақырыптың өзектілігіне қарамастан, алдын алу жұмыстарының арқасында облыста аталған қылмыстардың саны 12% – ға төмендеді, – деп атап өтті ПД бастығы.
Ерлан Омарбеков қылмыстың төмендеуіне халықпен жүргізілген алдын алу жұмыстарының арқасында қол жеткізілгенін баяндады.
– Көптеген адамдар ақпараттың арқасында мұндай фактілер туралы уақтылы хабарлайды, бұл көбінесе қылмысты ашу барысын арттырады. Бұдан басқа, халық алаяқтармен қарым-қатынасты тоқтатуда, өйткені олар алдаудың барлық тәсілдері туралы біледі, – деп жалғастырды Қостанай облысы ПД бастығы.
Қабылдауда айтылған барлық сұрақтар полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды, толық жауаптар берілді.