Жайдарман ойндары қайта жаңғырды
Жазғы демалыс пен ұзақ дайындықтан кейін жайдарман ойындары қайта жалғасын тапты. Облыстық қоғамдық даму басқармасы мен облыстық жастар ресурстық орталығының тапсырысымен және де "Жайдарлы жастар" қоғамдық қорының ұйымдастырумен облыстық "Super" лигасының 1/2 финалдық сайысы мен "Жазғы кубок-2022" фестивалі өтті. Биылғы жылы жаңа форматта, тек КТК қозғалысын біріктіріп қана қоймай, сонымен қатар стенд-апты дамытып, интеллектуалды жастарды қолдайтын «Жайдарман» ойындары ерекше қызығушылықпен өтуде.
«Мирас» мәдениет сарайында сахнаға Қостанай облысы мен Қазақстан астанасының командалары шықты. Жазғы кубок нәтижесі бойынша Үздік ойыншы – Қайрат Дүйсенбаев (Аманкелді ауданы), 3-орын – «АйҚаз» Арқалық қ., 2-орын – «Болашақ Астана" Жангелдин ауданы, 1- орын – «Бір үйдің балалары» Әулиекөл ауданы атанды. Маусым финалына «Болашақ» (Астана), «Ақ пен қара», «АйҚаз», «Қостомар» командалары шықты. Резервте Қостанай құрамасы тұр.
-Жастар өзідерін жақсы қырынан көрсете білді. Тапқырлық танытып, ойынның небір тұстарынан ұтымды шыға білді. Жайдарманның ең басты ерекшелігі шығармашылықпен қоса өмірдегі, саясаттағы, жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды да қамту. Онымен қоса сахна мәдениеті мен шеберлігі деген тағы бар. Жалпы алғанда адам бойындағы өнер атаулының түрлі жанрларын қамтитын аталмыш ойын тек шығармашыл жастардың орталығы. Жастарды мәдениеттілікке тәрбиелеу, интеллектуалды деңгейін көтеру және өмірлік дұрыс бағыт-бағдар беру мен қоғам дамуына үлес қосуда бұл шараның үйретері мол екені белгілі. Жастарға сәттілік тілеймін, – дейді Қостанай КВН филиалының директоры, Жайдарман ойындарының жүргізушісі Марғұлан Бәкір.