Жеңімпаздар анықталды
Тобыл өңірінде бірнеше күннен бері өтіп жатқан «Тобыл толқындары» on-line би ұжымдарының ашық аймақтық халық билері байқауы аяқталып, жеңімпаздардың есімдері анықталды. Байқауға Қазақстанның әр аймақтарынан Ақмола, Атырау, Қызылорда, Павлодар және Қостанай облыстарынан 29 би ұжымдары қатысты. Қазылар алқасының құрамы хореографиялық өнердің кәсіби мамандары «Карнавал» би мектебі МКҚК директоры Шамиль Фахрудинов, Қостанай педагогикалық колледжінің хореографиялық бөлімінің меңгерушісі Салтанат Доспанова, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ «Өнер» студиясының бас хореографы Саяхат Әкімжанқызы болды.
Қазылар алқасы мүшелерінің ғана емес, көрермендердің де жүрегін жаулап алған үздік ұжымдардың есімдері жарияланды. Сонымен, қазылар алқасының шешімі бойынша келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:
I – орын «Еркеназ» би ансамблі, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, жетекшісі Әлімбаева Жанат Әбдісалыққызы.
II – орын «Зарянка» халық би ансамблі, Қостанай облысы, Қамысты ауданы, жетекшісі Комарь Ольга Михайловна.
III – орын «Ақбота» халық би ансамблі, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, жетекшісі Әйгерім Балғынбаева.
III – орын «Мираж» халық би ансамблі, Ақмола облысы, Аршалы ауданы, жетекшілер Бакшеев Виталий Павлович, Цуп Александр Григорьевич.
Келер жылдың наурыз айында өтетін III Халықаралық «Наурыз достарын шақырады» фестиваліне қазылар алқасының төрағасы Шәміл Әбдірахманұлы «Еркеназ» би ансамблі, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, жетекшісі Әлімбаева Жанат Әбдісалыққызы және Қостанай облысы, Қамысты ауданы, «Зарянка» халық би ансамблі, жетекшісі Ольга Михайловна Комарь жолдама алды.
Ұйымдастыру алқасы барлығына қатысқаны үшін алғыс айып, шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тіледі.