Жастарға бағыт берді

Қоғамдық даму басқармасының мұрындық болуымен Қостанай облысының дабат қозғалысы дамып келеді. Биылғы жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға арналған шаралар кешені өңірдегі пікірсайыс қозғалысын біріктірді. Бұрын бөлек болған университеттер мен колледждердің пікірсайыс клубтары, мектеп үйірмелері өзін-өзі басқаруды үйренуде.
Пікірсайыс жастарды өз ойын ашық айтып, жеткізуіне үйретеді. Ұжымдағы әр түрлі көзқарастың, ой-пікірдің ортаға салынып, көпшіліктің талқысына түсіп жататыны бар. Қоғамдық дамудың жаһандық ақпараттандыруға бетбұрысын ескеретін болсақ, қазіргі кезде білім беретін ошақтардың алдында жаңа міндеттер тұр. Оның ішіндегі ең бастысы – адамдарды тұлға ретінде қалыптастыру, оған барлық жағдайды жасап, жөн сілтеу. Елдің дамуы адамдардың азаматтық қоғамға белсене қатысуынсыз жүрмейтіні анық. Пікірсайыс та, адамдардың сыни ойлауын дамыта отырып, өз ойын қалыптастыруға бастайды. Бір мәселеге бір жақсы ғана емес, түрлі жақтан қарап, ойқорытуға септігін тигізеді. Өздерінің көзқарастарын сенімді түрде дәлелдеп бере алатындай жағдайда болады. Ол үшін адамға білім керек екені сөзсіз. Пікір сайысына түсу үшін білімді түрде сөйлей алу керек емес пе. Ол тек сөз жарыстыру емес, саналы түрде ой айту, кішіпейіл болу, жаңа достар табу және олардың әрекеттері үшін жауап беруге көмектесу.
Сондықтан жастардың жан-жақты дамуы үшін пікірсайыс өте қажет. Ойын жүйелі, қысқа да нақты жеткізуге үйренеді. Өмірге, қоршаған ортаға сын көзбен қарап, оның дамуына үлес қосуға итермелейтін күш. Сондықтан қазір пікірсайысқа жастардың оң көзқарасы қалыптасқан. Олар бұл бағытқа үйреніп келеді.
Біздің қаламызда пікірсайыс қозғалысының белсенділері үшін Ұлттық пікірсайыс федерациясының вице-президенті Рүстем Арманов тренинг және шеберлік сабағын өткізді.
– Бүгінгі заманда дебат қозғалысы өте қажет. Қазір жастарға түрлі идеалогиялық қысым бар. Түрлі ақпараттар тарайды. Осындайда ой қорытып, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін нақты білу үшін дебат клубтары керек. Біздің елімізде соңғы жылдары дебат қозғалысы жақсы дамып келеді. Бүгінгідей отырыстарда біз олардың жүйелі түрде қалай дамытуға болатынын көрсетеміз. Жолдарын талқылап, түсіндіреміз, – дейді Рүстем Арманов.
Ол осы салада өзін дамытып жүрген жас. Түрлі деңгейдегі турнирлерде топжарып жүр. Төреші ретіндегі жетістігі де аз емес. Пікірталас қозғалысын ұйымдастырудағы тәжірибесі де жеткілікті. Ол шеберлік сабағында өзінің тәжірибесімен бөлісіп, жастрады да тыңдады. Мұндай оқыту жастардың жеке қабілеттерін дамытуға бағытталған, алдағы уақыттарда дәстүрлі түрде өтіп тұратын болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓