Керемет көрме көңіл толқытты

фото на материалҰлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында аудан, облыс көлемінде көптеген мәдени шаралар өткізіліп, көпшілік көңілінен шығуда.
Соның бірі Қостанай облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен өткен "Жеңіс даңқы арта берсін" атты фестиваль-байқауы болатын.  Осыған орай аудандарда сараптау ретінде байқау өтті.  Оған ауылдық кітапханалар қатысты. Олар жеңіске қатысты түрлі көрі-ністер әзірледі. Аудан кітапханашыларының өткізген жұмыстары қорытындыланып, маусым айында Қостанай қаласында өткен облыстық көпшілік шаралар фестиваль-байқауына 20 кітапхананың ішінен ІІ-кезеңге жолдама алған болатынбыз.
Осы екінші кезеңде Жанкелдин ауданының кітапханашылары "Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады" атты жанды көрмесін көр-сетті. Онда Ұлы Отан соғысы жылдары кезінде шатырдың ішін-де отырған солдаттың елге хат жазуы, мәңгілік алаудың қасында тұрған солдат бейнеленген. Сонымен қатар көрмеге елден соғысқа аттанған азаматтардың ордендері мен медальдері, фотосуреттері мен құжаттары, киімдері, граната, автомат, фляшка, тағы басқа заттары қойылды. Көрмені аралаған әділқазылар алқасы оған жақсы баға беріп, жанды көрменің жақсы деңгейде әзірленгенін айтты.
Сахнада  түрлі  көріністер қойылды. Ал біздің ауданының кітапханашылары Т.Ахтановтың "Боран" атты драмасынан үзінді көрсетіп, сахналық шеберліктері-мен көрермендерді тәнті етті. Жиналғандар ұйып тыңдады. Әсіресе, рөлдерді шебер сомдаған Тәуіш ауылдық кітапханасынан Дәметкен Баймолдина, кітапханашы Орынкүл Бекмағанбетова және Әмірхан Ағытаевтың шеберліктеріне әділ қазылар тәнті болса, кейбіреулері көз-деріне жас алып жатты.   
Әділ қазы мүшелері бір-бірінен оза шапқан кітапханашыларды марапаттап, бағалы және ақшалай сыйлықтар табыс етті. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында өткізілген "Жеңіс даңқы арта берсін" атты облыстық көпшілік фестиваль-байқауында 25 балдық жоғар-ғы көрсеткішке қол жеткізген Жанкелдин ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі "Бас жүлдеге" ие болды. Міне, осындай жетістікке жетуімізге мұрындық болған тарихи экспонаттармен қамтамасыз еткен Торғай мұражайлар кешенінің ұжымына және де автокөлікпен қамтамасыз еткен аудандық спорт бөліміне айтар алғысымыз шексіз.
Әмірхан Бақтыбайұлы,
аудандық кітапхананың қызметкері.
Жанкелдин ауданы.
Суретте: Фестиваль-бай-қаудағы көрмеден көрініс.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓