Жетігенші өрендер Түркиядан жүлдемен оралды
Түркия мемелекетінің Стамбұл қаласында өткен “Түркі әлемінің жарқыраған жұлдызы-2023” байқауына жетіген аспабымен Гүлбахар Назар қатысып, жүлделі 2-ші орынды жеңіп алды. Жас өнерпаз бұдан бұрын Ақтау қаласында өткен республикалық «Дарындар әлемі» байқау-фестивалінен де бірінші орын алған еді. Гүлбахардың жетекшісі өзінің анасы – Мөлдір Құлымбетова.


Осы байқауға Әсем Искакованың жетекшілігімен қаламыздағы “Айсұлтан” өнер мектебінің тәрбиеленушілері де барып, халықаралық байқаудан Гран-при иеленіп қайтты.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА.