Заңсыз оқ-дәрі сақтаған

Жітіқара ауданындағы «Желқуар» кедендік бекетінде полицейлер 59 жастағы Ресей азаматын заңсыз оқ-дәрі сақтады деген күдікпен ұстады.
«Оның көлігін тінту кезінде артқы орындықтан 1 оптикалық көздеуші және 7,62 мм калибрлі оқ табылды», – деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі. Ұсталған адамның оқ пен қару бөлшегін асыруға құжаты болмаған.
Қылмыстық іс қозғалып, іске қатысты сотқа дейінгі тергеу  жүргізіліп жатыр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓