Пәтерде өрт шықты

7 мамыр күні Арқалық қаласы ІІБ кезекші бөліміне  Фурманов кентіндегі бір үйден зейнеткер әжейдің мүрдесі табылғаны туралы хабар түсті. Өрт 2 шаршы метрді қамтып, төсек-орын бықсып жанған. 1936 жылы туған әйел иісті газға уланып қалған.
9 мамыр күні Қостанайда Бородин көшесіндегі бес қабатты үйдің бір пәтерінде өрт шықты. Үйдің ішіндегі жиһаз, тұрмыстық заттар жанып, күлге айналды. Өрт сөндірушілер келіп, қызыл жалынды ауыздықтап, адамдарды сыртқа шығарып, өрттің көрші пәтерлерге жайылуына жол бермеді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓