Стандартқа сай келмейді

Қостанайда жергілікті маңызы бар жолдардан 854 сынама алынған, оның 305-і стандартқа сәйкес келмейді.
"Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК ҚОФ директоры Абылайхан Алшынбаевтың айтуынша, жалпы жыл басынан бері жергілікті маңызы бар жолдарды салу үшін пайдаланылатын материалдардан 854 сынама алынған. Соның ішінде 305 сынама ҚР стандарттарына сәйкес келмейтіні анықталды.
– "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Қостанай облыстық филиалы жергілікті маңызы бар 174 нысанды бақылауға алды. Филиал инженерлері бұл нысандарды 331 рет тексеріп шықты. 225 бұзушылық анықталды, оның 44-і өрескел. Облыстағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы – 9228 километр. Оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 1588 километр, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар – 7640 километр, ал 5959,2 шақырымы (78%) жақсы және қанағаттанарлық жағдайда, – дейді "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК ҚОФ директоры Абылайхан Алшынбаев.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы өзінің соңғы Жолдауында автожол құрылысына, оның ішінде жергілікті автожолдар құрылысына ерекше мән беру қажеттігін атап өтіп, бюджеттен бөлінген орасан зор қаражат мәселені шешпейтінін сынға алған болатын.
"Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кем дегенде 95%-ын жақсартуды тапсырдым. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы бұзушылықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтижелер шығару керек", – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев жақында.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓