Құсмұрында қызу тірлік

Жөндеу 4 жылдан бері жүргізіліп келеді. Мұнда орнатылатын жылу қазандықтары заман көшіне сай. Мұндай қазандықтардың "тілін" меңгеру үшін білім керек. Бүгінде жас мамандар қаладан білім алып, біліктілігін осында келіп арттырып, істі тез-ақ меңгеріп кетуде. Мамандардың айтуынша, қазіргі қойылған қазандықтар тиімділігімен ерекшеленеді.
Облыс әкімі Құсмұрын кентінде Кавкетаев көшесінің жөндеу жұ-мыстарымен де танысты. Бұл іске облыстық бюджеттен 480 млн. тең-ге бөлінген. Ал жұмыстар бүгінде басталып кеткен. Су құбырлары, кәріз желілері ауыстырылып, 72 құдық орналастырылған. Негізі үш жылға жоспарлан-ған жұмыстарды егер келер жылы қаражат бөлінсе, бір жылдың ішінде-ақ аяқтап тастауға болады. Облыс әкімі: "Құсмұрын жерінде қосымша жатқан көмір бар. Оны тасу үшін электр станциясы керек. Сол ар-қылы қосымша жұмыс орнын ашар едік" деді өз тарапынан.
Айтолқын
АЙҚАДАМОВА
Облыс әкімінің Құсмұрында болған сәті