Жұмыс іздесең, “Нұр Отанға” кел

Шара барысынан көрініс"Нұр Отан" партиясы Сарыкөл аудандық филиалында "Жұмыспен қамту жол картасы–2020" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында азаматтарды қабылдауға арналған ауқымды шара өтті.
"Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Батуринец, кәсіп-керлер кеңесі аудандық филиалының директоры Р.Молдабеков және жұмыспен қамту орталығының директоры С.Раисовалардың қатысуымен өткен акцияда қатысушылар жүзеге асырылып жат-қан аталмыш мемлекеттік  бағдарлама жайында ауқымды ақпарат алды. Жұмыспен қамту жолдары түсіндірілді. Бір айта кетерлік жәйт, бұл жолы ауданның жұмыссыз жүрген  азаматтары үшін 47 бос орын ұсынылды. 
Бірақ, шараға өздеріне тұрақты жұмыс табамыз деген үмітпен 6 сарыкөлдік азамат келді. Олардың арасында 50 жастан асқан мүгедек жандар мен жастар да бар.  Солардың бірі Светлана Орлова жұмыс іздеп жүргеніне жарты жыл болғанын алға тартты. Жоғары мамандығы бар бұл азаматшаны тұрақты жұмыспен қамту керектігін тиісті мекеме қызметкері тілге тиек етті. 
– Бос орындар бар, бірақ олардың бәрінің тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы керек деген өз талаптары бар. Қалайда біз, Светланаға қол ұшын созуымыз керек, – деді өз сөзін түйіндеген Сәния Марденқызы.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту оңай шаруа емес екендігі ашық айтылды. Мәселен, екінші топтағы мүгедек Талғат Бисеновтің де бұндай басқосуларға, дөңгелек үстелдер мен акцияларға жиі қатысып, жұмыс іздеп келгеніне де біраз уақыт болған, бірақ, өкінішке орай өзіне  лайық жұмыс таба алмаған.   
Жалпы, акция соңында аудандық партия төрағасының бірінші орынбасары шара барысында көтерілген барлық сауалдарды қағазға түсіріп алды. Сондықтан, жұмыссыздардың жанын мазалаған мәселелердің қалай шешімін табатындығы алдағы уақыт ен-шісінде қалды. 
 Руслан
ӘЛКЕЕВ
Сарыкөл ауданы.
СУРЕТТЕ: қабылдау кезінде.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓