Елордамыз – бәрімізге ортақ!
«Біз бүгін еліміздің болашағын айқындайтын, мемлекеттік құрылымды жаңаша қалыптастыратын өте маңызды шешім қабылдадық. Қазақстан жаңа саяси дәуірге қадам басқалы тұр. Бүгінгі қабылданған шешім жүргізілген реформалардың нүктесін қойып, мемлекетіміздің жаңа саяси модельге көшуіне жол ашады», – деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мырза бүгінгі өткен Парламент палалаталарының бірлескен отырысында.
Қабылданған заң жобасы бойынша Президенттің мандатын қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге шектеу осы Заң жобасы күшіне енгеннен кейін жеті жыл мерзімге Президент болып сайлаған адамдарға қолданылатын болады. Кейінгі уақытта жұрттың назарында болып, қызу талқыланған бір мәселе- ол елорданың бұрынғы атын қайтару болатын. Астана атауын өзгерту туралы «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының ұсынысын, бүгін депутаттар бірауыздан қолдап, дауыс берді. Әрине , Қазақстан халқы Тұңғыш Президенттің мемлекет іргесін бекітудегі тарихи еңбегін жоққа шығармайды. Бір Елорданың өзінде халықаралық әуежайдың, бірнеше ескерткіштерінің, саябақтың, Жоғарғы оқу орнының мектептің ол кісінің есімімен аталуы – ол кісіге деген құрметті білдірсе керек. Бүгінгі қабылданған шешім, ол халықтың негізгі талабына сәйкес болды. Сонымен сайлаушылардың өтініштері бойынша Елордаға берілген Астана атауы қайтарылатын болды. Мемлекет басшысы «Пікір сан алуан, бірақ мемлекет жалғыз» деген ойды айтқан еді. Сондықтан ел де , жер де , елордамыз да – бәрімізге ортақ!
Қырмызы ЖАНБЫРШИНА,
Қостанай облыстық мәслихатының депутаты.