Маңызды шешім қабылданды

Жаңа Қазақстан бүтін бір дәуірді қорытындылап, бетбұрыстың жаңа кезеңінің басында тұрғандай. Партия ашықтықты қамтамасыз етіп, қоғам мен атқарушы биліктің арасындағы алтын арқау болары сөзсіз. Бүгін Парламенттің бірлескен отырысында депутаттардың бастамасымен ең маңызды шешімдердің бірі қабылданды. Президент өкілеттілігінің қайта сайлану құқығынсыз бір ғана мерзімінің енгізілуі – нағыз Әділ Қазақстанның көрінісі. Бұл елдің демократиялық жаңаруының жақсы нышаны деп білемін. Ең алдымен бұл шешім билікті монополизациялаудан алшақтатыны анық. Халықтың сұранысымен елордамызға баршамызға ыстық көрінетін «Астана» атауы қайтарылмақ. «Астана» атауы халықаралық деңгейде танымал. Ендігі мақсат – бүкіл ел болып жұмылып, көтерілген игі бастамаларды іске асыру.
Бибігүл АҚҚОЖИНА,
«AMANAT» партиясының Қостанай
облыстық филиалының атқарушы хатшысы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓