Бизнеске бөгет болмау керек

Ақылға сыймайтын нұсқалар, қосымша ақылар, айыппұлдар, жер учаскелерін беруден бас тарту, бұл мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде кәсіпкерлердің алдында тұрған барлық кедергілер ғана емес. Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлер шенеуніктердің кейбір заңсыз іс-әрекеттері туралы шағымдар жиі келіп түседі.бизнессБизнес-қоғамдастығы қолайлы экономиканы даму үшін өнімдік және қызметтік жағдайларды жасап отыр. Облыстың Әкімі Архимед Мұхамбетов кәсіпкерлерді қолдап, үнемі заң бұзушылыққа жол бермеугетшақырады. Өңір басшысы мемлекеттік органдардан кәсіпкерлікке қасақана бөгет жасамауды сұрады және бизнеске кедергі келтіретін құқық қорғау органдарын қадағалайтынын атап өтті.
Қазір бұндай қарекет жарамайды! Әрбір инвестор үшін, әрбір кәсіпкер үшін біз күресуіміз керек! Ал, бізде ең алдымен айыппұл салынады, – дейді А.Мұхамбетов.
Аймақтық ауқымы жайында айтсақ, 2017 жылы «Атамекен» кәсіпкерлерінің мүліктік құқықтарын 2 млрд теңге шамасында қорғап қалды. Кәсіпкерлер шенеуніктердің негізсіз әрекеттерімен кездескенде дереу Кәсіпкерлер палатасына шағымданады. Бұл ресми деректерімен расталған. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпаратына сәйкес, 2016 жылы Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдарына кәсіпкерлердің 3892 шағымы келіп түскен, бұл Ұлттық кәсіпкерлер палатасына түскен шағымдарға қарағанда 46% аз. «Атамекен» кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді, сотта бизнес мүдделерін қорғайды, заңнаманы жетілдіру бойынша жұмыс істейді.
Шенеуніктердің іс-әрекеттеріне қатысты шағымдану статистикасын талдай отырып, 2016 жылы Ұлттық Палатасына 44920 шағым түсті, сонымен бірге, тәртіптік жауапкершілікке 17 шенеунік тартылды, 15 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке ілінді.
2017 жылдың бірінші жарты жылдығында бұл көрсеткіш 18 077 адамды құрайды, 6 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке, 20 мемлекеттік қызметкер әкімшілік жазаға тартылды. «Атамекенде» кәсіпкерлерге негізсіз немесе әдейі шағымдарды жасап отырған мемлекеттік органдарды қудалау, оларды сотқа беру туралы ұсыныс жасалды. Шешім салмақты және маңызды. Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалды. Жақында Өңірлік палата заң шығаруды одан әрі жетілдіру, сотқа дейінгі дауларға құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша облыстық сотпен жұмысты күшейткені туралы жариялады. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл дегеніміз, адал кәсіпкер соттардан қорықпай алатынын білдіреді.
– Өңірлік сотпен серіктестік қарым-қатынастардың жаңа формасы соттарға бизнес сенімінің деңгейін арттырады, – деді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ренат Давлетпаев.
Сотпен серіктестік шеңберінде қалай жұмыс істейтінін және қаншалықты тиімді болатынын уақыт көрсетеді. Жауапкершілік деңгейін біле отырып, бақылаушы органдар кәсіпкерлікке қатысты салмақты және ақылға қонымды шешімдерді қабылдайды.
 
Ангелина Синева.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓