ОІІД командасы – облыс чемпионы!
Шағын футболдан облыс чемпионаты аяқталды. Төрт ай бойы 13 команда өзара күш сынасып, Тобыл бойы біріншілігінің ақтық сынына берілер жолдаманы сарапқа салған. Он үш команданың арасында суырып алға озған төрт команданың жолы жартылай финалда түйісті. ОІІД-нің аяқ-допшылары рудныйлық "Аятты" 5:1 есебімен ұтса, Лисаковск ФК-мен кездескен ҚМУ құрамасы 0:4 есебімен қарсыластарын ойсырата ұтты. Сөйтіп, үшінші орын үшін таласта лисаковтық футболшылар "Аят" аяқ-доп шеберлерін қапы қалдырды. Ақтық айқаста алысқан ҚМУ құрамасы мен ОІІД командалары арасындағы кездесу ішкі істер қызметкерлерінің пайдасына шешілді. Есеп 4:2. "Аят"командасының қақпашысы Илья Волков "үздік қақпашы" болып танылса, ОІІД ойыншысы Азамат Нұрахметов "үздік қорғаушы" атанды. ҚМУ-лік Виталий Зусько "үздік шабуылшы", ал ОІІД тағы бір футболшысы Дмитрий Болоцкий "үздік ойыншы" мәртебесіне ие болды.
Әлібек
ЫБЫРАЙ