Гашиш-сәлемдеме

Қостанайда УК-161/2 мекемесінің қызметкерлері электр шәйнегінің тұтқасынан гашиш тауып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облыстық ҚАЖ департаментіне сілтеме жасап. гашиш«Тыйым салынған заттардың 90%-ы режимдік нысанға өткізілмейтініне қарамастан, оларды түрлі айла-әдіспен жеткізу әрекеттері әлі  азаймай келеді. Соңғы мысал да сөзімізге дәлел, – деп атап өтті Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаменті бөлімінің басшысы Әлімжан Ыдырысов. – Сәлемдемені тексеру барысында УК-161/2 мекемесінің қызметкерлері әйел зорлағаны үшін 12 жылдық жазасын өтеп жатқан тұтқынға жіберілген электр шәйнегінің тұтқасына назар аударған».
Ыдырысовтың айтуынша, электр шәйнегінің тұтқасында қою жасыл түсті қатты зат жабыстырылған.
Сот сараптамасы бұл заттың жеті грамдық гашиш екенін анықтады. Дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓