Өз үлестерін қосуда

Қостанай облысы бойынша әйелдер күштерінің альянсына кіретін Қостанайдың көшбасшы әйелдер клубы мен гендерлік орталығы «Қостанай сауда палатасы» ЖШС-мен бірлесіп Қостанайдың білім беру мекемелері үшін антисептикті тарату бойынша акция өткізді.
– Қала әкімінің қатысуымен кеңес өтті. Онда босаңсуға болмайтынын, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай маңызды мәселелердің бірі екенін атап өтті. Тұрғындардың ауру жұқтырмауы үшін әлі де сақтық шаралары қажет екенін баса айтты, – дейді қалалық көшбасшы әйелдер клубының төрайымы, Қостанай облысы бойынша әйелдер күштері альянсының мүшесі Гүлвира Құдайқұлова.
Антисептик шығаратын кәсіпкер әйелдер күштерінің альянсына жүгініп, тегін көмекті ұсыныпт. Барлығы 1700 бөтелке, бұл 8500 литрді құрайды. Әр балабақша мен мектепке 55 литрден жеткізілді.
Акцияны ұйымдастыруға, қолауға еріктілер де көмектесті.
«Біз облыстың зардап шеккен тұрғындарына өртте ғана емес, басқа да акцияларға қатысуды жалғастырамыз. Денсаулық бәрінен де маңызды», – дейді ерікті жастар.
«Әрине, мұндай көмек қажет. Менің ойымша, бізге ұзақ уақыт қолдануға жетеді.Әжептәуір қор болады. Бізде антисептиктер залда, шешінетін бөлмелерде, топтарда тұр. Қауіпсіздік шараларын сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – дейді Қостанай қаласы №2 балабақша директорының орынбасары міндетін атқарушы Борис Өтегенов.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓