Амангелдіде жол апатынан жас жігіт қаза тапты
Қайғылы оқиға Арқалық-Торғай тас жолында, Амангелді ауданының маңында болды.Кеше сағат 19:30 кезінде тас жолдың 54-шақырымында «Лада-Приора» көлігінің 27 жастағы жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалып, жиекке аударылып кеткен. Апат салдарынан 21 жастағы жолаушы мерт болды. 26 жастағы әйел бір жарым жастағы баласымен ауруханаға жеткізілді.
«Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабына сәйкес (Жол қозғалысы ережесін бұзу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деді облыстық ПД баспасөз қызметі.