96 млн теңге бюжет қаржысы ұрлаған
Субсидия қаражатына қол салған күдіктіге қатысты қылмыстық іс аяқталды.Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысындағы департаментінің мәліметінше, жемқор ауыл шаруашылығы саласы субъектілерінің сеніміне еніп, бюджеттің қомақты қаржысын қалтасына басқан.
«Күдікті өңір кәсіпкерлерін алдау жолымен ауыл шаруашылығы тауарларының сапасы мен өнімділігін арттыру бағдарламасы аясында берілген субсидия қаражатына қол салған. Нақтылай айтқанда, картоп тұқымын сатып алу үшін бөлінген бюджет қаржысын бірнеше рет жымқырған. Департамент айыпкерге қатысты қылмыстық істі аяқтады», – деп хабарлады ҚМА өкілдері.
Осы азаматтың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан мемлекетке шамамен 96 млн теңге шығын келтірілген.
Агенттік ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес (Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу) өзге ақпарат бермеді.