Сот жүйесіндегі оң өзгеріс

Елбасымыз Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында Сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту бағытында да бірқатар міндет жүктегені белгілі. Осыған орай ҚР Жоғары Соты төрағасының 2012 жылғы 11 қаңтардағы өкімімен Қазақстан Респу-бликасының  "электрондық  үкіметі"  порталы арқылы берілген элект-рондық талап арыздарды және басқа да электрондық құжаттарды қабылдау және есепке алу тәртібі туралы нұсқаулық қабылданды.
Ақпараттық технологиялар өркендеген заманда қағазбастылықты азайтып, уақытты үнемдеудің маңызы зор. Енді сотқа "электрондық үкімет" порталы арқылы (www.egov.kz) электрондық арыздарды беруге мүмкіндігіңіз бар. Ғаламтордағы осы мекенжайға кіріп, электрондық талап арыз беріп қана қоймай, сот отырысының хаттамасын да алуға болады. Сондай-ақ, сот отырысының хаттамасымен танысып, ғаламтор арқылы өз сын-ескертпеңізді де жолдай аласыз.
Өзгерістердің  тағы  бірі – талап  қоюшыға  немесе арызданушыларға  өзінің  талап-арыз сот кеңсесіне тапсырған уақытта талон беріледі. Талон беру арқылы талап арызды тіркеудің ерекшелігі, азаматтарға ұялы байланыс телефонының абоненттік нөмеріне не электронды мекенжайына SMS хабарлама жөнелтілуі. Арыз тіркелген уақытта тіркеудің кіріс нөмері мен тіркеу уақыты көрсетіліп хабарлама жолданса, іс қозғалысы туралы толық мәліметтерді www.sud.kz сайтынан ала аласыздар.
Елбасымыз өзінің Жолдауында: "Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым және барлық дауды шеше алатындай болуға тиіс", – деген болатын.
Бүгінгі күні Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында 1612 талап-арыз талон беру арқылы тіркелді. Бұл бастаманы алдағы уақытта одан әрі жетілдіріп, сот ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етудегі тың жаңалық деп білеміз.
Ә.БАЙМҰХАНОВА,
Қостанай облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓