Қарасудың бойына кие қонған
Ауданда 7 қарашада "Қостанай таңының" күндері өтеді
Алмабек ШӘМШИЕВ,
Қарасу ауданының әкімі:
"Ең бірінші халықтың мүддесі ескерілуі керек"
– Алмабек Қуанышұлы, Қарасу ауданы облыстағы әл-ауқаты мол, әлеуеті зор өңір-лердің бірі. Мыңғырған мал өсіріп, төскейде егіні жайқалған ауданның бүгінгі хал-ахуалы нешік?
– Өздеріңізге белгілі, әлемдегі қаржы дағдары-сына қарамастан еліміздің экономикалық даму көрсеткіштері бір қалыптан өзгерген жоқ. Әрине, кейбір жекелеген салаларда құлдырау бар. Сол сияқты біздің ауданның даму көрсеткішінде де ептеп іркіліс байқалады. Мәселен, өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі өткен жылғымен салыс-тырғанда 15,3 млн.теңгеге азайды. Ауыл шаруа-шылық өнімдерін өндіру көлемі де (18 млрд. 592.6 млн.теңге) 2013 жылғы тоғыз айдың қоры-тындысымен салыстырғанда анағұрлым төмен. Алайда, қолдағы бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, аудан халқының әл-ауқатын арттыруға тырысып жатырмыз. Тағы да сандарға көз жүгір-тер болсақ, онда аудан инвестициясының негізгі капиталы 471 млн. теңгеге өскенін байқау қиын емес. Бұл былтырғы көрсеткіштен көп жоғары. Осы уақыттар аралығында 885 ш.м тұрғын үйді пайдалануға бердік. Жұмыссыздық деңгейі де әжептәуір азайды. Сондықтан, Қарасу ауданы көштен қалып жатқан жоқ.
– Сіздің аудан бітік егін өсіріп қана қоймай, мал шаруашылығын өркендетуге де ден қойған. Дегенмен, қара малдың саны едәуір кеміп кеткенін байқаймыз. Бұл ет пен сүт өндіруге кері әсерін тигізбей ме?
– Жоқ,керісінше ет пен сүт өндіруді ұлғайту-дың арқасында жан басына шаққандағы ішкі жал-пы өнімнің көлемі 102,9 пайызға өсті. Былтырғы жылмен салыстырғанда ауданда ет өндіру 5,4 пайызға артса, сүт 0,3 пайызға артық өндірілді. Яғни, өткен жылы мемлекетке 20,9 мың. тонна сүт тапсырдық. Ал жұмыртқа өндіру 11,5 пайызға ұлғайып, жылына 10,7 млн. данаға жеткізілді.
Рас, ауданда ірі қара малы 13,1 пайызға кеміді. Қазір күтімде барлығы 26,6 мың қара мал бар. Оның 13 мыңнан астамы сиыр.Мұның сыртында 20,1 мың талпақ танау, 5,1 мың жылқы, 12,2 мың қой-ешкі және 181,1 мың құс есепте.
Мемлекет басшысы мал шаруашылығын да-мытуға мықтап ден қоюды талап етіп отырғаны белгілі. Облыс басшысы Н.Садуақасов та, міне, осыны айтып жүр. Әсіресе, мемлекеттік бағдарла-маларды тиімді пайдалана отырып, мал басын өсіруге пейіл білдірген шаруаларға қазір мейлін-ше жағдай жасалған. Соңғы үш жылда біздің ауданнан "Сыбаға" бағдарламасына қатысқан-дардың үлес салмағы 65 пайызға жетті. Әсіресе, Шолақаша, Ушаков, Железнодорожный, Қара-мырза, Новоселов, Люблин, Восток, Целинный селолық округтері және Жалғызхан мен Октябрьск ауылдарында 688 ірі қара мал сатып алынды. Яғни, мал шаруашылығын дамытуда ішінара ілгерілеу бар.
– Иә, қазір белгілі бір кәсіппен айналысамын, бизнеске араласамын деушілерге мемлекеттің өзі үлкен қолдау танытып отырған жоқ па. Мұндай қамқорлықтан шағын бизнес өкілдері де ада емес қой.
– Біздің ауданда 1253 шағын кәсіп иелері өз шаруаларын дөңгелентіп отыр. Оларда жұмыс істейтіндердің саны 3196-ға жетті. Яғни, бір адам кәсіп ашса, тағы бір адам қосымша жұмыспен қамтылады деген сөз. Бизнестің "Жол картасы – 2020" бағдарламасы бойынша осыған дейін сегіз жоба жүзеге асты. Атап айтқанда, Айдарлы, Белорусь, Железнодорожный селолық округтері мен Октябрь ауылының әрқайсысы екі-екі жоба-дан ұсынған болатын. Ауылдардың экономика-лық-әлеуметтік дамуын арттыру үшін шағын биз-нес өкілдері 43,3 млн.теңге қаражат құйды. Осын-ша қаржының басым бөлігі Целинный, Желез-нодорожный, Белорусь және Қарамырза селолық округтеріне тиесілі.
– Халықтың әл-ауқатын арттырудың тағы бір тетігі, ол – тұрмысы төмен отбасыларын, мүге-дек жандарды әлеуметтік жағынан қорғау екен-дігі белгілі. Бұл бағытта нендей жұмыстар ат-қардыңыздар?
– Он екі мүшесі сау, аяқ-қолы балғадай азамат-тардың кемтар, ғаріп жандарға қол ұшын созуы қоғамдағы ең ізгі амалдардың бірі. Бұл орайда ел ішінде іргелі шаралар атқарылып жатқаны әмбеге аян. Әсіресе, аудандарға үшінші тоқсаннан бастап мүгедектерге арналған көлік инфрақұрылымы мен бейімдеуге арналған әлеуметтік нысандар жөнін-дегі шараларды орындау көрсеткіші жүктелді. Біз-дің аудан биылғы жылға бекітілген 14 шараның бесеуін жүзеге асырып үлгерді. Мұның сыртында "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" бағ-дарламасының шеңберінде жұмысқа орналасты-ру нәтижесі 100 пайыздан асып кетті. Дегенмен, он алты ауданның арасында біз он екінші орында тұрмыз. Көрсеткіш көңіл көншітпейді. Қалай дегенмен де қол қусырып қарап отыруға болмайды.
"Сыбағадан" сырт қалған жоқ
Жыл басынан бері "Сыбаға" бағдарламасы бойынша Қарасу ауданында 92 ірі қара сатып алынды. Мәселен, аудандағы "Восток -ТБК" ЖШС 23 қара мал, "А.Б.Абдрахманов" шаруа қожалығы 69 бас сиыр сатып алды. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің берген мәліметтеріне қарағанда, банктер тарапынан мал басын көбейтуді жоспарлап отырған кәсіпкерлердің өтініштері мақұлданып, тағы 271 ірі қара сатып алу үшін несие берілетін болды.
Жалпы, үстіміздегі жылы Қарасу ауданының шаруалары мемлекеттік "Сыбаға" бағдарламасы арқылы 468 бас мал сатып алуды көздеп отыр.
Фазыл КӨШЕРБАЕВ,
зейнеткер
Ел ағасыз болмас
немесе Қарасу ауданының ардақты азаматтары туралы бірер сөз
Қарасу – қасиетті жер, құт мекен. Мен бүгін «Қостанай таңының» осы аудандағы күндері қарсаңында ел құрметіне бөленген осы өңірдің азаматтары туралы бірер сөз айтып, есімдерін атамақпын. Молдағали Итпаев, Ескей Жүндібаев, Көшкінбай Байғабылов, Қажыбай Ақшалов, Бисахмет Көшербаев, Әлміш Нұртаев, Мұқатай Жайлыбаев, Шадай Жүртекин, Молдаш Балғабаев сияқты абыз ақсақалдар ел бірлігіне, ағайын жарастығына, жастар тәрбиесіне қызмет етті. Ал кешегі Ұлы Отан соғысының елге аман келген ардагерлері отансүйгіштік тәрбиенің бастауында болып, экономика мен әлеуметтік саланы дамытуға ерекше үлес қосты. Қарасулықтар Ахметқали Өмірбаевты, Молдақан Әбікеновты, Жанәбіл Тұрсыновты, Қасен Мамаевты, Сұлтан Молдашевты, Бапалақ Уәлиевті, Бекен Текеновті, Балаш Молдашевты, Қажымұқан Сатмағанбетовты, Кәмен Жетпісбаевты, Тұрсын Едігеновты, ағайынды Қапан, Қоспан Мұқановтарды, ағайынды Қапар-Қабділ Өмірбековтерді, Таңат Аймекеновты, Матай Іргебаевты, Тәуекел Шәріповты ерекше құрмет тұтты, олардың өнегелі істерін кейінгі жастарға үлгі етеді. Қажымқан Нөгербеков ағай ерліктері үшін Ленин және жауынгерлік Қызыл Ту ордендерін алды. Тасқали Рамазановқа Кеңес Одағының Маршалы К.Рокоссовский «Александр Невский» орденін омырауына өз қолымен қадаған екен. Ол елге аман-есен оралып, жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындатты. Мектепке басшылық жасады. Оның қарамағында істеген Тәукенбай Құсайынов, Қайыржан Қазиев, Кәрім Жәркенов сынды ұстаздар шәкірттерінің сүйікті ұстаздарына айналып, елінің абырой-құрметіне бөленді.
Қасиетті Қарасу өңірінен бір Кеңес Одағының Батыры, жеті Социалистік Еңбек Ері, талай айтулы адамдар шықты. Біз соларды мақтан етеміз.
Бүгіндер мен аты-жөнін атаған аталар мен ағалардың балалары мен немере-шөберелері аға буынның ерлік дәстүрін лайықты жалғастырып жүр.
Нұрсұлтан Баязитов,
Қарасу кентінің тұрғыны:
Ауылға бет бұратын кез жетті
Облыстық "Қостанай таңы" газеті біздің аудан тұрғындары-ның да ұзақ жылдардан бергі серігі әрі сырласы деп батыл айта аламын. Олай дейтінім, астықты өңірдегі қазақ басылымдарының қара шаңырағы – "Қостанай та-ңын" Қарасу ауданында да үзбей жаздырып оқитын оқырмандар бар. Солардың бірі – өзім. Маған газет бетіндегі танымдық-тарихи мақалалар өте ұнайды. Сондай-ақ қызметім білім саласымен байланысты болғандықтан бала тәрбиесі, ұстаздар тәжірибесі жазылған материалдарды тұ-шына оқимын. Алдағы уақытта да осы қалыптарыңыздан тайма-ңыздар. Ең бастысы, ауылға бет бұратын кез жетті. Сонда ғана газеттің оқырманы арта түсеріне сенімім кәміл.
Айбек КӘДІРҰЛЫ