Өрт кезінде ауыл тұрғыны жоғалып кеткен
Әулиекөл ауданындағы орман өрті кезінде із-түссіз кеткен Аманқарағай ауылының 56 жастағы тұрғыны Валерий Головач іздестіріліп жатыр.Қостанай облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға табиғи апат басталғалы сегіз адамның жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Солардың бірі әлі күнге табылмай жатыр.
«Тәртіп сақшылары жеті адам бірден тапты. Ал аманқарағайлық 56 жастағы ер адам әлі күнге іздестірілу үстінде. Жоғалу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары да басталды», – деді департаменттегілер.
Оны іздестіру шараларына полицейлер мен еріктілер жұмылған.