Өрт ішінде опат болды
Әулиеөл ауданының Қазанбасы ауылында тұрғын үй өртеніп, иесі қаза тапты. Оқыс жайтқа өртеліп жатқан қоқтық себепкер болған.
Аудандық ТЖБ мамандары оқиғаның 6 қаңтарда болғанын хабарлайды. Тілсіз жау салдарынан 64 жастағы әйел мерт болды. Өрт үйдің кіреберіс бөлмесіне қалдырылған ағаш күлінің тұтануынан басталған.
Тәртіп сақшылары барлық тұрғындардан өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелеріне мұқият болуды сұрайды.