Жалған ақпарат тарады

WhatsApp мессенджерінде «Жангелдин ауданында қайғылы жағдай болғаны» туралы жалған ақпарат тарап жатыр. Хабарламада Торғай ауылында Саят деген жігіттің 9 адамнан тұратын отбасы қайғылы жағдайға душар болғаны айтылады.
«Газ баллоны жарылып, үйдің шатыры көкке көтеріліп, баспана түк қалмай өртеніп кеткен. Үй ішінде Саяттың анасы және әйелі Гүлжанат және 2 бала жанып кеткен. Денесін 80% күйік шалған інісі, келіні және балалары ауруханада қиын жағдайда жатыр. Жан-жаққа жіберіңдерші, әр жіберген хабарламаға 26 теңге түседі екен», – делінген желіде тараған мәтінде.
Ал шындығында бұл қасіреті жағдай Торғай кентінде осыдан екі жыл бұрын болған еді. Оқырмандарымызды бірер күн шамасында WhatsApp мессенджерінде тарап жүрген осы хабарламаға сенбеуге шақырамыз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓