Өрісін жайған өнерімен

Ол жас өрендерді өнердің өріне өрлеткен жан. Өнегелі еңбек жолында: "Өрімтал", "Домбыра – дастан", "Еркежан-1", "Еркежан-2", "Інжу-маржан" атты елге танымал ансамбль-топтарды құрып, талай жастың өнердегі жолын ашты. Шәкірттері үмітін ақтап, республикалық байқаудың жеңімпазы атанды. Шет елдерде өнер көрсетуге де мүмкіндік алды.
Кеште ұлағатты ұстаздың жеткен жетістіктері экран арқылы баяндалып, әр жылдардағы тәрбиелеген шәкірттері әсем әннен шашу шашты.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.
Суретте: Қ. Жақыпбекқызы шәкірттерімен бірге
Суретті түсірген автор.