Қазына ақшасын жымқырған
2011 жылы Қостанай облысы бюджетінен Қарасу селосына су құбырын жүргізу үшін 200 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша су құбырын салу ШЖЖ "ТМ-3" жүктелді. Келісім бойынша бұл құрылыс 2012 жылдың қазан айында аяқталуы керек еді. Бірақ та шартта көрсетілген мерзімге үлгермей қалды. Су құбырын шартта көрсетілген мерзімде аяқтау мүмкін болмады, себебі ауа райының құбылуына байланысты. Осылайша бөлінген қаражат игерілмеді. Оның үстіне әкім орынбасары және бақылау технадзоры жалған акті жасап, бөлінген қаражаттың үштен бір бөлігін жымқырған. Бұл жасаған істері қылмыстық іс екені анық болса да, олар оған мән бермеді. Сөйтіп қылмыстық істері тексеру барсында әшкереленіп, екеуі де бас бостандықтарынан айрылды.
Қазіргі уақытта екі қылмыскердің біреуі Қостанай облысы бойынша ҚАЖД қалалық қылмыстық-атқару инспекциясында тізімге алынды. Ол өзіне тағайындалған жазаны өтеуде.
Қостанай облысы бойынша ҚАЖД Қостанай қалалық қылмыстық-атқару инспекциясы.