Әскери турнирде де алға озды

CAM04565Жуырда Алматыдағы әскери-спорттық клубтар федерациясының ЦСКА базасында әскерге шақырылушы жастар арасында  ұрыс өнерінен турнир өтті. Онда өңірлерден келген әр командалар өздерінің спорттық деңгейлерін жан-жақты көрсете білді. Әсіресе, әскериленді-рілген кросс, кедергілерден қарғу сияқты сайыстарда қостанайлық өрендер нәтижелі өнер көрсетті. Сөйтіп, жалпы командалық есепте Қостанайдағы "Тайфун" әскери-патриоттық клубы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды Алматы қаласының командасы еншілесе, үшінші орын Алматы облысының командасына бұйырды. Барлық жеңімпаздарға турнир грамоталары мен кубоктары, медальдар табыс етілді.
Айбек
       КӘДІРҰЛЫ
Суретте: республикалық турнирдің жеңімпаздары – "Тайфун" командасы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓