Сиықсыз жарнамалар кімге қажет?

IMG_7179Осындай әңгіменің   қозғалғанына біраз  уақыт өтті. Біз шала-шарпы күйінде, күлді-бадам қалпында қазақшаға аударылған сыртқы жарнамаларды сынап, дабыл да қақтық. Сөзіміз желге ұшып  жүрді.
Дегенмен, жанайқайға құлақ асатындар да табылатын  түрі бар. Таяуда қалалық әкімдік БАҚ қызметкерлерінен арнайы топ құрды. Олар Қостанай қаласының көшелеріндегі жарнамаларды тексеріп, рейд  жасады.    
Халық облыс орталығының сұлулығына  тамсана қарап, мақтанады. Сырттан келген қонақтар Қостанайдың тазалығын лайықты  бағалайды.  Әйтсе де, қаланың келбетін бұ-зып тұрған дүниелер бар. Бұлар – жоғарыда тілге тиек еткеніміздей, сиықсыз  жарнамалар. Ондағы "шала қазақша" тілдегі мазмұн-ға ренжіп жүргенде, қалай болса, солай іліне салынған плакаттарды көргенде, жаның ауырады "Қайнайды қаның, IMG_7182ашиды жаның"    деген осы болар, сірә!
Сонда орын алған кемшіліктерге кім кінәлі? Ашығын айтсақ, олар шағын және орта  бизнестегілер. Әрине, бұларды ретсіз сынауға бола қоймас. Алайда, талап етілген тәртіпке  бағынбаса,  қайтпекпіз?
– Сынға іліккен он компания мен сауда нүктесі анықталды, – дейді қаланың бас сәулетшісі Абай Жүнісов.
Енді тексерушілер көзімен көрген жарнамалардың  қайсысы түрсіз екен, соған  тоқталайық. Алтынсарин көшесіне орналасқан дүкен жанындағы жарнамаға жазылған плакат жыртық күйінде ілулі тұр.  Дүкен иесі орнында болмағандықтан, сатушы сұхбат беруден бас  тартты.
Көбеев көшесіндегі  жарнама жазылған плакат жекеменшік үйдің шарбағына бір шетімен ілініп тұр. Тіпті, үлкен IMG_7172ұйымның баннері лас күйінде жерде  жатыр.
–  Сәуір айында  шағын және орта  бизнесті  тексеруге  мораторий енгізілгені белгілі. Солай болғанмен де, олар қаланы көріктендіруге неге ат салыспайды? Кәсіпкерлер  өзіне  бекітілген  аймақтың сәнділігіне жауапты, –  дейді  Абай Жүнісов.
Бұл нағыз шындық. Экологиялық тазалықты  сақтаумен қатар  қала келбетін сұлуландыру да басты  міндет . Түрлі сұлулықтарды айшықтайтын  суреттермен қатарласып, тайға  таңба басқандай, ірі  әріптермен қазақша және орысша жазылған жарнамалар көз тартып тұрса, қандай ғанибет!
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓