Қарасулық батырды қолдайық!

IMG-20140421-WA0036_1Қарасу ауданының тумасы Владимир Голубев пауэрлифтингтен Әлем чемпионатына қатысады. Дәрежелі спорт додасы  10-16 қарашада АҚШ-тың Палм-Бич қаласында өтеді.
Владимир Голубев спортпен шұғылдануды бала күнінен бастаған. Бүгінде көпшілікке таңсық пауэрлифтинг спорты бойынша екі мәрте Әлем чемпионы, бірнеше мәрте Азия, Еуропа чемпионы атанды. Спорттың дәл осы түрінен халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Ол спорттағы жеңісінің арқасында Қазақстанның көк туын талай мәрте желбіретіп, еліміздің мәртебесін өсірді. Бір қызығы Владимир Голубевтың негізгі мамандығы хирург. Жас маман Қарағанды мемлекеттік  медициналық университетін тәмамдаған. Жоғары оқу орнын аяқтап, "Дипломмен – ауылға!" бағдарламасымен туған ауы-лын бетке алады. Үш жылдан бері Қарасу аудандық ауруханасында жұмыс істеп жатыр. Ол республикалық және облыстық емханаларға жиі барып, тәжірибе алып отырады. Мамандығы бойынша жаңа технологияны игеріп, заман ағымына ілесіп келеді. Осы уақытқа дейін аудандық ауруханада мыңға жуық ота жасаған.
Медицина саласының маманы спорттан бір сәт қол үзген емес. Спорттағы жетістігі ар-қылы туған ауылын, Отанын төрткүл дүниеге паш етті.   Владимир Голубевтің "Нұр Отан" партиясы ҚОФ-ның "Партияның үздік 50 тұлғасы" жобасына қатысушы екендігін атап өткен жөн.   
Қымбат
ДОСЖАНОВА
Суретте: Владимир Голубев.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓