Ауыл тұрғынын үйінде өлтіріп кеткен
Қайғылы оқиға Денисов ауданының Глебов ауылында болды.Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, үйінен өлі табылған 61 жастағы тұрғынның денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар.
«Марқұмның мәйіті 22 тамыз күні сағат 11:00 кезінде өз баспанасынан табылды. Жедел іздестіру шаралары барысында бұрын сотталған 60 жастағы ер адам күдікке ілінді. Қазір оны ұстау үшін іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр», – дейді департаменттегілер.
Тергеу мүддесіне байланысты, әзірге басқа ақпарат берілмей отыр.