Неліктен қостанайлықтар қолма-қол ақшасыз төлемге өтуде?
Егер бұрын қолма-қол ақшасыз төлемдер онлайн немесе пластикалық картамен болса, бүгінде қолыңызда телефон болса жеткілікті. Оның көмегімен сіз жеке қаржыны басқарып қана қоймай, сонымен қатар бизнес бухгалтериясын өз бетіңізше жүргізе аласыз.
Басқар
Шот ашу үшін енді банкке барып, кезекте тұрудың қажеті жоқ – Jusan Business мобильді қосымшасын жүктесеңіз жеткілікті. Шотты тіркеу және ашу 15 минутты алады. Қазіргі уақытта шотты онлайн режимінде тек ЖК ғана аша алады, бірақ жақын арада қосымшада шот ашу ЖШС үшін де қолжетімді болады деп күтілуде. Jusan Business-те сіз алдын ала төленген кассалық қызмет көрсету пакетін жинай аласыз: бір айдағы төлемдердің, толықтырулардың және алынған ақша көлемін таңдайсыз. Пакетті рубльмен аударымдарға 50% жеңілдікпен және басқа валютамен аударымдарға 30% жеңілдікпен толықтыруға болады. Бұл стандартты банктік тарифтерге тәуелсіз, белгілі бір бизнеске қатысты операцияларды ғана төлеуге және қызмет көрсетуді үнемдеуге мүмкіндік береді.
Банктің мобильдік қосымшасында зейнетақы жарналарын, МӘМС пен әлеуметтік аударымдарды төлеуге болады. Бұл операцияларға комиссия алынбайды. Параметрлерде ай сайынғы төлемдерді автоматты түрде жүзеге асыру опциясы бар – жіберу уақыты келгенде клиент төлемге қол қою қажеттілігі туралы хабарлама алады. Қажетті төлемді қайталауға немесе оны PDF, Excel, 1С-қа жүктеуге болады, бұл құжат айналымымен айналысатын мамандар көмегіне жүгінбей Қазақстанның немесе әлемнің кез келген нүктесінен қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Сат
Қызметтер мен тауарларды сататын компаниялар Jusan Business қосымшасы арқылы POS-терминалды (Jusan Tole) орнатуға өтініш бере алады және банк қызметкерлері оны бір күн ішінде сауда орнына жеткізеді. Сондай-ақ төлемдерді смартфонда да қабылдауға болады. Jusan Tole қосымшасын жүктеп алсаңыз болғаны, сонда төлемдерді бірден қабылдай аласыз – ақша бірден түседі. Tole жүйесіне қосылған кезде қызметтер мен тауарлар Jusan қосымшасындағы Банктің виртуалды дүкеніне түседі. «Ағымдағы жылдың басынан бастап Jusan Tole арқылы төлемдер ағыны 3 есеге, ал POS-терминалдар арқылы тауар айналымы 5 есеге өсті. Жалпы кәсіпкерлердің электрондық төлемдер жүйесін пайдалануында оң динамика байқалады. Бұл ыңғайлы, жылдам және шағын және орта бизнестің дамуына және бюджетке салықтың түсуіне оң ықпал етіп, процесті ашық түрде көрсетеді», – деді Jusan Bank Қостанай филиалының басшысы Алена Ким.
Ал
Сатып алғанда Jusan карталарымен төлеп, бонустар жинақтауға болады: бір айдағы шығыстар мен санаттарға қарай жасалған транзакция үшін 0,5% бастап 2% дейін жинақтаушы бонустар. Банктің бейілдік жүйесінде жоғары бонустардың төрт санатын таңдауға болады. Олар барлығы 10, ал олардың өлшемдері 5% бастап 15% дейін. Бонустарды алу үшін мобильді қосымшаны жүктейсіз және орнатасыз, картаны ашып, сатып алған затқа төлем жасайсыз.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия.