Ер адам пышақ жарақатымен ауруханаға түсті

22 тамызда түнде облыс орталығында төбелес кезінде ер адам пышақ жарақатын алды. Оқиға Қостанайдың көңіл көтеру орындарының бірінде болған.
Қостанай қаласының Оңтүстік полиция бөлімінің кезекші бөліміне мейрамхананың жанында ер адамға төбелес кезінде пышақ жарақатын салғаны туралы хабарлама келіп түсті.- Қақтығыс кешті бір ортада өткізген достар арасында болғаны анықталды. Пышақ жарақатын салған ер адам қылмыс орнынан қашып кетті. Полиция қызметкерлері барлық қажетті шараларды қабылдады. Күдікті сол күні ұсталды, ол өз кінәсін мойындады, қылмыс қаруы тәркіленді. 32 жастағы ер адамға қатысты алдын ала тергеу аяқталғанға дейін ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде шара қабылданды, – деді Оңтүстік полиция бөлімі бастығының м.а. Азамат Оспанов.
Қазіргі уақытта 41 жастағы жәбірленуші Қостанай қалалық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінде жатыр. Ол құрсақ қуысының жарақатын алды, қазір жағдайы тұрақты.
Аталған факт ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша тіркелді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓