Орталыққа сұраныс артты

Қостанайда жаңа Мемлекеттік қызмет көрсету орталығы жұмысының алғашқы қорытындысы шығарылды. Бұл туралы Қостанай облысы әккімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басақармасы мәлімдеді.16 мамырдан бастап Қостанай әкімдігі мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы "Нәтиже"орталықтарының жұмысы бойынша жобаны іске асыра бастады. Онда келушілер Мемлекеттік қызметтерді алып, өтініш бере алады.
Жоба халыққа қызмет көрсету процесін неғұрлым ыңғайлы және қолжетімді ету үшін әзірленді, осыған байланысты фронт-офистердің жұмысын бірыңғай терезе қағидаты бойынша іске қосу туралы шешім қабылданды.
Бүгінде орталықтар халық арасында сұранысқа ие. Пилот іске қосылған сәттен бастап үш өңірде – Қостанай, Павлодар және Түркістанда фронт – офистердің қызметкерлері 6,5 мыңнан астам консультация өткізді, 2,5 мың Мемлекеттік қызмет көрсетті және eotinish жүйесі арқылы мемлекеттік органдарға мыңнан астам өтінішті тіркеді.
Қазақстандықтар фронт-офистерге жүгінетін негізгі мәселелер – жер қатынастары және ТКШ мәселелері.
Қостанайда екі нысан іске қосылды: Қостанай қаласы әкімдігінің ғимаратында және Рудный қаласында, Космонавтов көшесі, 12
Фронт офис Нәтиже өңірдің әрбір тұрғынына қызметті ресімдеуге, өтінішті тіркеуге, кеңес алуға, сондай-ақ әкімдік басшылығының жеке қабылдауына жазылуға мүмкіндік береді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓