Әлемнің 9 тылсым орны: Қостанайдан екі нысан бар

Playcrazygame.com сайты жер шарындағы тоғыз ең ерекше нысанның Google Maps сервисіндегі суреттерін іріктеп алды.
Олардың қатарында қазақ даласынан екі бірдей геоглиф бар. Біріншісі – Торғай свастикасы. Ол Ағаштыкөл ауылы маңында орналасқан. Ғарыштан қарағанда анық көрінетін үш басты свастика диаметрі – 94 метр. Жорамалмен бұл нысан палеолит дәуіріне тиесілі.
«Бұл – ғалымдар Қазақстанның солтүстігінен 2000 жылдан бастап тапқан 50 геоглиф жиынтығының бір бөлігі. Ол кезде свастика Еуропа мен Азияда сирек кездесетін, бұл нысан адамзат тарихындағы ең көне белгілердің бірі саналады. Мұның наным-сенімдік мәні болмаса, саяси астары жоқ», – деп жазады шетелдік сайт.
Тізімге енген екінші геоглиф – Лисаков қаласынан 20 шақырым жердегі пентаграмма. Құс ұшатын биіктіктен қарағанда шеңбер ішіндегі жұлдыз көзге ерекше түседі.
«Пентаграмма Жоғарғы Тобыл су қоймасының оңтүстік жағалауында орналасқан. Диаметрі – шамамен 365 метр. Интернеттегі көптеген пікірлерде бұл фигураның "зұлым діни секталармен" байланысы бар екені айтылады. Бірақ бұл тек жұлдыз түрінде жасалған саябақтың құрылымы», – деген анықтама беріліпті.
Айта кету керек, Тобыл-Торғай өңірінде аталған тізімге енбеген мұндай ірілі-ұсақты 344 геоглиф бар екен. Оның бәрі бірдей зерттелмеген. Мәселен, Үштоғай шаршысы шетелдік ғалымдарды ерекше қызықтырған еді. Оны алғаш ғалым Дмитрий Дей тапқан болатын. Оның көлемі – 229-276. Темір дәуіріне тиесілі көрінеді. Мұндай тылсым нысандар қатарына Бестам шеңберін де қоуға болады. Оны зерттеушілер Перудегі Чанкильоға және әйгілі Стоунхенджге теңестіреді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓