Мәдина жер қойнына тапсырылды
Кеше Қостанай облысының халқы Мәдина Ерланқызын ақтық сапарға шығарып салды.
Жамбыл ауылында 7 тамызда жоғалып кетіп, 4 күннен кейін өлі табылған 5 жасар қыздың жаназасы шығарылды. Облыстық мешіттегі діни рәсімге, Мәдинамен бақұлдасуға мыңнан астам адам жиналыпты. Бұл мешіт маңындағы көлік қозғалысын едәуір қиындатып жіберген.
"Кішкентай қыздың қазасы қаншама адамды ұлты мен наным-сеніміне қарамай біріктіріп кетті. Қайғылы оқиға шымыне де қара орман халықты теңселтіп жіберді. Бас имам намаз оқығанда бәрінің еріксіз көңілдері босап, еңкілдеп жылап тұрды. Көзіне жас алмаған адам кемде-кем. Олардың ішінде мен де бармын", – дейді жаназаған қатысқан Арман Серікұлы.
Жиылған қауымның бәрі бата жасап, арнайы жәшікке әжептәуір қаржы жинап берген. Сондай-ақ, қаралы отбасыға облыс әкімінің тапсырмасымен аудан басшылығы да материалдық көмек көрсетті. Оның денесі Қостанай ауданындағы Еңбек ауылы маңындағы бейітке, екі жыл бұрын қайтыс болған әкесінің қасына жерленді.
Еркебұлан Әлім
Суреттер мен видеоның авторы Бағдат Ахметбеков