ПЦР-тест зертханасы ашылды
Арқалық өңірлік ауруханасынан жұқпалы індеттің белгілерін анықтайтын ПЦР-тест зертханасы ашылды. Жаңа зертхананың арқасында аурухана қызметкерлері ендігі жерде науқастардан алынған анализдердің нәтижесін қысқа мерзімде анықтауға қол жеткізіп отыр. «Өткен жыл Арқалық қаласының халқына бүкіл әлемдегі пандемияға байланысты өте ауыр жыл болды. Осы аурудың өршіп тұрған кезінде жаз айларында бізге сырқаттардың диагнозын анықтау өте қиынға соқты. Өйткені, науқастардан алынған биоматериалдарды облыс орталығына жіберіп отырдық. Одан кейін ол анализдің қорытындысын бір аптаға дейін күтуге тура келетін. Міне, енді бұл мәселе де оң шешімін тапты. Ең бастысы, заманауи құрылғылардың көмегімен ауру белгілері жылдам анықталып, науқастарға тез арада қажетті медициналық көмек көрсетілетін болады», – дейді аурухананың инфекционист дәрігері Светлана Тұрсынова.
Мұрат Жүнісұлы