5 жасар қызды іздеу: тікұшақ іске қосылды

Қостанай қаласы маңындағы Жамбыл ауылында із-түссіз жоғалып кеткен 5 жасар қызды іздеуге тікұшақ пайдаланылып жатыр. Бұл туралы облыстық ПД бастығы Ерлан Омарбеков Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Қостанай таңы
"Жамбыл ауылынан 5 жасар қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түскен сәттен бастап, іздеу іс-шараларын ұйымдастыруды жеке өзім басқардым. Қазір оны іздеу тікұшақтың көмегімен жүргізілуде. Дәл осы уақытта біз қыздың анасымен бірге аумақты айналып өтудеміз. Іздеу операциясы қалай жүріп жатқаны туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлайды", – дейді департамент бастығы.
Ол полицейлерге алғашқы минуттан бастап көмектесіп жатқан еріктілерге, ауыл тұрғындарына алғыс айтып, жақсы жаңалықтан күдер үзбейтінін жеткізді.
"Бәріміз нәресте үшін алаңдаулымыз. Аман-сау деп үміттенеміз. Біз оны табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Мен іздестіру іс-шараларының барысы туралы тұрақты хабарлап отыратын боламын", – деді Е.Омарбеков.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓