Бала Қасым-Жомарт Тоқаевтың тілегі орындалды

Қостанай облысындағы Президентпен аттас 12 жастағы тұрғынның ауылына байланыс орнап, интернет қосылды.Амангелді ауданына қарасты Үштоғай елді мекенінің кішкентай тұрғыны Қасым-Жомарт тілшілерге берген сұхбатында ауылына ұялы байланыс орнатылуын армандайтынын айтқан еді. Кейін жеткіншек туралы ақпарат бүкіл республикалық БАҚ-та жарияланды. Баланың бұл тілегі басшылық құлағына жеткен сыңайлы.«Облыс әкімі халыққа есеп беру кездесуінде Үштоғай ауылын тамыз айына дейін ұялы байланыспен және 3G интернет желісімен қамтамасыз етуге уәде берген болатын. Әкімдік осы мақсатта «Кар-Тел» ЖШС-мен (Beeline) бірлесіп жұмыс атқарды. Қазір елді мекенде байланыс мұнарасы тұрғызылып болды. Санаулы күндерде үштоғайлықтардың көп күттірген тілегі орындалады», – дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Өркениет игілігіне қол жеткізген ауылдықтардың қуанышында шек жоқ.
«Біздің, өзі, осыдан басқа басы артық тілегіміз де жоқ еді. Жақсы болды. Өзіміз де, балаларымыз да мәз. Аймақ басшылығына рахмет айтамыз», -дейді Қасым-Жомарттың анасы Нұргүл Тоқаева.Бұл жұмыс «Цифрлы Қазақ­стан» бағдарламасы және ауылдарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету аясында іске асырылып отыр. Талапқа сәйкес, жобаға аудан орталықтары мен қалалар­дан қа­шықта орналасқан, тұр­ғын­­дары­ның саны 250 ден асатын; мем­ле­кеттік, білім беру және меди­ци­налық ұйымдары бар ауыл-кенттер кіреді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓