Есеп беру сайлау конференциясы

"Жасұлан" жасөспірімдер орталығының мәжіліс залында "НұрОтан" партиясы Арқалық қалалық филиалының кезекті ХVІІ есеп  беру сайлау конференциясы өтті.
Конференцияны филиал төрағасы, қала әкімі Ғ.Бекмұхамедов ашып, партияның жергілікті саяси кеңесінің 2013-2014 жылдарда атқарған қызметтерінің есебін берді.
Қалалық филиалдың саяси кеңесі "НұрОтан" партиясының XV съезі мен саяси кеңесі шешімдерінің, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттерді орындау мақсатында 3 кезектен тыс конференция, 4 саяси кеңесінің және 7 саяси кеңес бюросының отырыстарын, 1 қалалық мәслихаттың фракция форумы және бастауыш партия ұйымының қалалық форумын өткізген.
Соңғы екі жылда партия мүшелерінің қатары 288 адамға артқан.
Конференцияда "НұрОтан" партиясы Қостанай облыстық филиалының ХVІІІ есеп беру сайлау конференциясына делегаттар сайлау, қалалық филиалдың саяси кеңесін сайлау мәселелері қаралды.
 Мұрат
      ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓