Іскер жастар кеңесі
Облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырмасына сәйкес Арқалық қалалық "Іскер жастар" кеңесінің төрағасы Амангелді Ахметжанов аудан орталығына келіп, Ш.Уәлиханов атындағы орта мектепте ауданымыздағы қоғамдық бірлестіктің жетекшілерімен және оның мүшелерімен, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып жүрген жастарымызбен кездесіп, семинар өткізді.
Семинардың басты мақсаты "Қостанай облысының оңтүстік аймағындағы мемлекеттік және орыс тілдерінде бастамашыл топтар мен ҮЕҰ-ды дамытуға Жанкелдин, Аманкелді аудандарынан және Арқалық қаласынан ресурстық орталық ашу". Осы бірлескен отырыс барысында Аманкелді Серікұлы жастардың өмірге деген құштарлығы мен қызығушылығын, олардың қоғамға тигізер пайдасы қандай болатыны жайында әңгіме өрбітті.
2010 жылдан бастап құрылған "Іскер жастар кеңесі" өзінің іскерлігінің арқасында бүгінгі таңға дейін мемлекеттік және атқарушы биліктің тапсырмаларын орындап, облыс әкімінің сеніміне ие болған. Сондықтан Аманкелді, Жанкелдин ауданындағы қоғамдық бірлестіктердің басын қосып, әлеуметтік тапсырыстарға қатыстыру мақсатында жүргізілген насихат аудан жастарының белсенділік сезімдерін оятары анық.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ.
Жанкелдин ауданы.