Бір ай өтті – із-түссіз…

Қостанай облысында 17 жастағы Руслан Жұбанышевқа іздеу салынғалы 1 ай өтті. Ол Алтынсарин ауданының Ілияс Омаров ауылында сәуірдің 28-29 сәуірде жоғалып кеткені белгілі болған еді.proavl
Руслан достарымен балық аулауға кетіп, сол күйі үйіне оралмаған. Жеткіншекті іздеуге дереу еріктілер жұмылдырылып, оның аяғы жетуі ықтимал барлық жер қаралды.
"Ай өтті, әлі бір хабар жоқ. Аумақты бірнеше рет шарладық. Орманды аралап, өзенді сүздік – із-түссіз. Ата-анасымен ұдайы байланыстамыз. Олар бізге ақпарат берген сайын біз шұғыл тексеріс жүргізіп отырмыз. Жақын маңдағы аудандарда да іздеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ақпараттық шаралар да дамылсыз өтуде. Полицейлер де, біз де тынымсыз жұмыс істеудеміз. Қолдан келгенін аянып жатқан жоқпыз", – дейді "Дос" іздеу-құтқару отрядының ақпараттық ұйымдастырушысы Ирина Ячменева.
Ал Полиция департаменті хабарлағандай, ведомство басшылығының нұсқауымен, Русланды іздеу үшін 25 полицейден, Кинологиялық қызмет орталығының бес ит ерткен 5 қызметкерінен тұратын жедел топ құрылды. Іздеу шараларына дрон да пайдаланылған. Іздеу ай бойы күндіз-түні жүргізілгенімен, еш нәтиже болмай келеді.
"29 сәуірден бастап, осы күнге дейін іздеп жатырмыз. Туыс-туғандары да, полицейлер де, еріктілер де үздіксіз іздеу жүргізгенімен ізім-ғайым жоқ. Полиция үнсіз отыр, бізге еш ақпарат бермейді. Шарасыздықтан және ақпаратымыздың жоқтығынан балгерлерге де жүгініп көрдік. Олардың бәрінің болжалдары ұқсас – олар баланың басынан ауыр соққы алғанын, ал қасынан үш жігітті көретінін айтады. Мұның сыртында сол бір қасіретті түні Русланның қасында болған адамдардың бәрі не болып, не қойғанын біледі. Руслан балық аулауға барар алдында футбол ойнаған, кинологтар сол киімді із табу үшін қолданды. Ит ізді әкімнің үйінің қасында жоғалтып алды. Мұны туысқандар, полицейлер, волонтерлер – сол жерде болған адамдардың бәрі көрді. Мұнда әлі де белгісіз бір сұмдық құпия барын жүрек сезеді. Жігіттердің түсініктемесі өзгеріп, құбыла береді. Сондықтан бізге полиграф әкелуін өтініп сұраймыз", – дейді Русланның әпкесі Динара Досболова.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Русланның әкесі мен анасының  бейнежолдауы жарияланған еді. Ата-анасы әлі де ұлдарының бұл бейнетаспаны көріп, үйге аман-есен ораларына сеніммен қарайды. 
Осы кезге дейін ауылға таяу маңдағы барлық елді мекендер де тексерілді. Руслан жоғалып кететін күні болған оқиғалардың әр сәтін бастан-аяқ анықтау да мүмкін болды, бірақ оның ізім-қайым жоқ болып кетуінің сыры әлі уақытқа дейін беймәлім. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓