Қор халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында

Қостанай өңіріне «Қазақстан халқына» қоры төрағасының орынбасары Ляззат Шыңғысбаева жұмыс сапармен келіп, қордың мақсат мен міндеті туралы жан-жақты түсіндірді. Басқосу Достық үйінде өтті. Облыстық мәслихат депутаттары,  үкіметтік емес ұйым өкілдері, кәсіпкерлер қатысқан кездесуде қор жанынан 4 сарапшылық комитет құрылғаны айтылды. Қор негізінен денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік салалар бойынша кездесетін мәселерді шешуге ықпал етеді.
  – «Қазақстан халқына» қоры 2022 жылғы қыркүйек айында өз қызметінің нысаналы бағыттарын айқындау мақсатында Ұлттық қайырымдылық конференциясын өткізеді. Конференцияға мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ, бизнес және БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде. Конференцияда Қордың жаңа Тұжырымдамасы мен қайырымдылық бағдарламаларының, жобаларының проспектісі қабылданады. Қазір бағдарламалық құжаттарды әзірлеу және жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жұмысқа коммерциялық емес сектор өкілдері, мәслихат депутаттары, қайырымдылық жасаушылар – бизнес өкілдері, сарапшылар мен салалық мамандар тартылып жатыр,- дейді Ләззат Шыңғысбаева.
Өткен жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыстық мәслихаттың шешімі бойынша орфандық аурулармен ауыратын 42 пациент 820 млн теңгеге дәрілік заттармен, таңу материалдарымен, емдік өнімдермен, оның ішінде орфандық аурумен ауыратын 6 бала жалпы сомасы 806 млн теңгеге Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы және жұлын бұлшықет атрофиясы қамтамасыз етілді.
«Әрине, қор халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолында жұмыс істейді. Дегенмен бір қорға сенім артып, содан елдің жағдайы жақсарып кетеді деуге болмайды. Біз мемлекеттік органдар іске асырып жатқан әлеуметтік қолдау шараларын қайталамаймыз. Қазір біз ұйымдастыру жұмысымен айналысып жатырмыз. Сонымен қатар алғашқы көмек беру шарасын да қолға алдық. Біздің алғашқы қайырымдылық жобамыз – жаппай тәртіпсіздік кезінде қызмет барысында қаза болған құқық қорғау және әскерилердің отбасына көмек. Және ауыр дертке шалдыққан балаларға көмек көрсеткіміз келеді. Бүгінде жұмыс осы бағытта жүріп жатыр. Әрине, мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп жатыр, дегенмен қолдау жағы жетпей жатқан жандар да баршылық», – дейді Ляззат Алтынбекқызы.
Өткен жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен облыстық мәслихаттың шешімі бойынша орфандық аурулармен ауыратын 42 пациент 820 млн теңгеге дәрілік заттармен, таңу материалдарымен, емдік өнімдермен, оның ішінде орфандық аурумен ауыратын 6 бала жалпы сомасы 806 млн теңгеге Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы және жұлын бұлшықет атрофиясы қамтамасыз етілді.
Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету шеңберінде биыл облыс бойынша 1,2 млрд теңге көзделген, оның ішінде (29.07.2022 ж.) 13 мыңнан астам азаматқа 571,7 млн теңге сомасында көмек көрсетілді. Сондай-ақ 2022 жылы тұрғын үй көмегін төлеуге 103,6 млн теңге көзделген, аталған көмекпен 2 мыңнан астам мұқтаж отбасы қамтылды 51,5 млн теңге сомасына. «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында облыс кәсіпкерлерімен 103,9 млн теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді, 3 мыңнан астам адам қамтылды.
– Біздің кездесуіміздің мақсаты – сындарлы диалог ұйымдастыру, «Қазақстан халқына» қоры бастамашылық еткен жобалардың мазмұнын түсіндіру. Қор екі бағытта жұмыс істейді – бұл атаулы көмек көрсету және даму бағдарламаларын іске асыру. Өз кезегінде, біз жергілікті атқарушы органдар ретінде де осы бағытта белгілі бір жұмыс жүргізудеміз. Осы жылы жергілікті бюджеттен 426 млн теңге дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, мамандандырылған тағамның 45 түрін сатып алу үшін тегін дәрілік көмек көрсетуге бөлінді, – дейді облыстық мәслихат депутаты Гүлмира Қапенова.
Биыл облыс бойынша жаппай оқыту қоры құрылды. 1 млрд 114 млн 600 мың теңге немесе мектептерді ұстауға жұмсалатын шығыстардың жалпы сомасының 2,2% ы (2021 жылы-869,4 мың теңге немесе 2,0%). Өткен жылы 13 930 бала, оның ішінде көп балалы отбасылардан шыққан 7088 оқушы кеңсе тауарлары мен киім түріндегі материалдық көмекпен қамтамасыз етілді (әр балаға 30 мың теңгеден бөлінді). Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап 13 930 оқушы, оның ішінде 1-4 сыныптар аралығында 3 356 оқушы жаппай оқыту қорынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, өткен кезеңде «Мектепке жол» акциясы аясында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 3 890 балаға жалпы сомасы 58 млн теңгеге демеушілік көмек көрсетілді.
«Біздің өңірде жергілікті меценаттардың көмегімен азаматтардың түйткілді мәселелерін шешу бойынша көптеген жұмыстар жүргізілуде, бірақ проблемалар әлі де жеткілікті. Жүйелі мәселелерді біз өз деңгейімізде шешуге тырысамыз, алайда жедел шешімді талап ететін жекелеген жағдайлар да баршылық. Сондықтан бүгін біз «Қазақстан халқына» қормен ортақ шешімге келіп, өңір тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұсыныстарымызды жеткізуіміз керек», – дейді Гүлмира Қапенова.
Мүдделі тараптардың ұсыныстарын қалыптастыру мақсатында және Конференцияға дайындық жұмыстары шеңберінде Қор жұмыс топтарымен бірлесіп денсаулық сақтау, білім беру, спорт саласындағы және әлеуметтік бағыттар бойынша үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерімен кездесулер, сондай-ақ Қордың жекелеген қайырымдылық жасаушыларымен терең сұхбат әдісімен кешенді зерттеулер өткізеді. Сондай-ақ, Қор ҮЕҰ-ға сауалнама жүргізеді, оның мақсаты қоғамдық пікір мен ұсынымдарды зерделеу болып табылады. Сауалнама нәтижелері Қордың бағдарламалық құжаттарын дайындау үшін пайдаланылатын болады.
Ляззат Шыңғысбаева кездесу барысында Қостанайдағы үкіметтік емес ұйым өкілдері мен мәслихат депутаттарының ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Қазір ауылдық жерлердегі кітапханалардың материалдық жағдайы мәз емес. Шалғайдағы ауылдарда кітапханаға газет оқуға келсе, қыстың күні жылу жоқ. Осы мәселені Толстой атындағы облыстық кітапхана директоры Дариха Төребайқызы көтерді. Алайда, Ляззат Алтынбекқызының айтуынша, Президент бастамасымен құрылған қор жөндеу жұмыстарына қаражат бөлу сияқты жұмыстармен айналыспайды. Бірақ, рухани орындарды жаңғырту мәселесі өзекті, орынды ұсыныс екенін айтты.
Тағы бір айта кетерлігі, көптеген тұрығндар бұл қордың немен айналысатынын, кімдерге көмек көрсететінін толық білмейтін тәрізді. Өйткені, тұрғындар тарапынан онкологиялық аурумен ауыратын науқасқа шетелде химиятерапия алу үшін қаражат бөліне ме деген сауалдарын қойып жатты. Жалпы онкологиялық есепке алынған науқас шетелде қолданатын ем-домды өзіміздің жергілікті онкологиялық ауруларды емдейтін диспансерде алуларына болатыны айтылды.
Нәтижелі диалог құрылып, қор жұмысында ескерілетін көптеген сындарлы ұсыныстар айтылды. Жиын соңында ынтымақтастықты нығайту үшін аталмыш қормен облыс әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓